Доссордағы жабылған полигонға қоқыс төгіп кеткен

(0 Votes)

Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми телеграм парақшасында хабарланды.

12-19 мамыр аралығында Доссор кентіне қарасты Доссор-Байшонас бағытына қарай жүретін жолдың сол жағында орналасқан қоқыс алаңы тазартылған болатын.

Сүйтіп қоқыс төгетін алаң Доссор мен Мақат кенттерінің ортасындағы аймаққа ауыстырылды. Бұл туралы жергілікті билік әлеуметтік желілер арқылы аудан тұрғындарына хабарлаған болатын.

Десе де бүгінгі таңда аталған аймаққа белгісіз тұрғындар 4-5 жүк көлігінің көлемінде құрылыс қалдықтарын және тұрмыстық қоқыстарды төгіп кеткендігі анықталып отыр.

Бұл заңсыз іс-әрекет туралы полиция бөліміне хабарланып, әкімшілік құқық бұзған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521