Мақатта карантин 11 маусымға дейін жалғасатын болды

(0 Votes)

Қауіпті індеттің салдарынан аудан орталығы Мақат кентінде 22 мамыр мен 5 маусым аралығында карантин режимі жарияланғаны мәлім.

Алайда, аудан орталығында әлі де індет белгілері табылуда. Атап айтсақ, ауру ошағы 1 маусым күні дүниеге келген нәрестеден анықталып отырса, көршілес Жылыой ауданында 2 адамның осы індет салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.

Сондықтан, санитарлық талапты қатаң сақтау талап етіліп отыр. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың жағдайын ескеріп, 14 күндік карантиндік режим қысқартылып, аудандағы Бас санитардың қаулысымен карантиндік режим 7 күнге жалғасатын болды. Яғни, карантин режимі 11 маусымға дейін ұзартылады.

Қаулыға сәйкес белгіленген уақытқа дейін блок-посттар алынбайды. Әрі тұрғындар мен көлік жүргізушілер көшеде 06:00 және 21:00 уақыт аралығында жүре алады.

Індетпен күресу өзіміз үшін қажеттігін түсіністікпен қарап, жанұямыздың, ағайын-туыстарымыздың, жалпы кент тұрғындарының денсаулығы бірінші кезекте екенін ескерулеріңізді сұраймыз. Сондықтан, аз ғана күнге сабырмен күтіп, індетті бірге жеңуге шақырамыз.

Мақат ауданы әкімдігі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521