Мақат ауданының 100 жылдығы аясында Доссор мәдениет үйінде “Мақат ауданы әкімінің кубогіне” арналған Батыс аймақтық жайдарман ойыны өтті.
Ойынның ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Ойынға Атырау, Ақтөбе қаласынан және Қызылқоға, Индер, Мақат ауданынан келген барлығы 8 команда қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша “Доссор” командасы I орынды, “Қарабау” командасы II орынды, “Еркінқала” командасы III орынды иеленді.
Қағытпа қалжың, әдемі әзілімен жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсеткен командалар арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Ә.ҚАСЫМ