Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің қатысуымен «Қыс - 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Алдымен Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесінің автокөлік тұрақ алыңында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.
Саптық жиын барысында аудан әкімі Азамат Саматұлы азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдап, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады.
Оған 17 қызмет, 150-ге жуық қызметкер және әртүрлі техника жұмылдырылды.
Саптық жиыннан соң, қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды.
Ә.ҚАСЫМ