Аудан әкімінің орынбасары «Мақат тынысының» мыңыншы санымен құттықтады

(0 Votes)

Өткен аптада газетіміздің мыңыншы нөмірі жарық көрген болатын. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиева және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Сарбасов «Мақат тынысы» ұжымын құттықтап келді.

« Мақат тынысы – ауданымыздың айнасы. Келесі жылы болатын басылымдарыңыздың 20 жылдығын да жоғары деңгейде атап өтеміз деген ойдамыз. Мерейлі сандарыңыз құтты болсын! Таралымдарыңыз көбейе берсін, - деген тілек білдірген Оксана Жаңбырбайқызы әкімдік атынан редакцияның әр қызметкеріне бір шоқ гүлден табыстады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары 15 қазан күні басталған газетке жазылу науқанында бірлесіп жұмыс атқаруға келісім білдірді.

Өз кезегінде,  «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Саликова арнайы құттықтап келгендерге редакция атынан алғысын білдірді. Марапат соңы естелік суретке түсуге ұласты.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521