28 жас кәсіп бастауға мүмкіндік алды

(3 Votes)

Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі жастарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ел тұрғындарын қолдауға бағытталған – «Zhas Project» жобасы.

Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сай болғанмен, қаржы қолбайлау болса, бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «Zhas Project» жобасы идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1000000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді.

Жоба шеңберінде аудан бойынша 3 аутрич жұмыс жасады. Олар: «Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әйгерім Қангереева, белсенді жас Лаура Есетова, №54 балабақша психологі Айзада Темірғазиева.

w

Аудан бойынша жобаға қатысуға 480-ге жуық жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 66-сы жобаға қатысуға тәуекел еткен.

Күні бүгінде жоба бойынша 3 кезең өткізіліп, 31 мамыр күні 28 жоба жеңіске жеткендігі туралы хабарланды. Алдағы уақытта 100-ге жуық жас жұмыспен қамтылып, ай сайынғы жәрдемақы алып, болашақта жеке ісін ашатын болады.

Жалпы жеңіске жеткен жобалар қатарында ауыл шаруашылығы, осал топтағы әйелдер қауымына қолдау көрсететін оқыту және көмек көрсету орталықтары, мүмкіндігі шектеулі аналар мен қыз балаларға сұлулық салоны маргиналды және осал топ отбасынан шыққан балаларға көрсетілетін оқыту және көмек көрсету орталықтары, жылжымалы кинотеатр, әлеуметтік тегершік жөндеу орталығы, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойын-сауық кешені және т.б. бар.

Бір ерекшелігі, әлеуметтік жоба болғандықтан, жарты жыл көлемінде жас кәсіпкерлер бизнесінен пайда көрмей, мұқтаж жандарға тегін қызмет көрсетуі қажет.

«Zhas Project» бағдарламасына тек қатысушы болған жастың өзі кәсіпкерлік негізде едәуір білім жинақтайды. Жалпы, жоба қоғамда талабына қолдау таппай, «мұндай болмақ қайда деп», «жанбай жатып сөнетін» жастардың бизнес алаңда бақ сынауына үлкен мүмкіндік сыйлады.

Г.САЛИКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521