«Жасыл елдіктер» іске кірісті

(3 Votes)

«Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Ауданымызда биылғы маусымда 240 жас бағдарлама аясында еңбек етпек.

Жастар қазір заманға сай жаңашылдықты жақсы көреді, өмірдің әр саласына «Жасыл елдің» ізін қалдырғысы келеді.

Мысалы, өткен жылдардағы жастардың жасағы Мақат және Доссор кенттеріндегі қордаланған қоқыстың орнын тап-таза етсе, биыл да өздерінің ауқымды жоспарын сайлап алуда.

Жаз бойы еңбек жасақтары қатарында студенттер, жұмыссыз жастар, бәрі бірге әлеуметтік нысандарда еңбек етуде, абаттандыру мен көгалдандыруға, саябақтарды тазалау жұмыстарына қатысады.

i

i

– Әрқайсысымыз қоршаған орта, туған жеріміз үшін жауапкершілігімізді сезінуіміз қажет, бұл – біздің үйіміз, дейді «жасылелдіктер».

Белсенділердің айтуынша, «жасыл елдіктер» жаз бойы егілген ағаштарды күтіп, баптайды. -Алғашқыда аудан бойынша 64 жас жұмысқа кірісті. Күннің ыстығына қарамай, жастарымыз белсенді араласып кетті. Алда, «Жасыл елдің» алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты, өзге де мәдени-спорттық шаралар көптеп өтілетін болады, -дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова.

Жастар білек сыбана кіріскен шаруа тек сауапты жұмыс ғана емес, азын-аулақ табысы да бар.

Тәуелсіз елдің төл перзенттері аймақты көркейту жолында тынбай тер төгуден тартынбайды. Тиімді бағдарлама арқылы ауданымыздың жұмыспен қамтылып, туған өлкенің ажары ашылуда.

Г.САЛИКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521