Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.
Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
10.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 47 адам анықталды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы
Сурет: ашық дереккөз