Жылыой ауданында коронавирус жұқтырғандар саны тоғызға жетті

(1 Vote)

Ауру жұқтырғандардың 2-уі Атырау қаласынан, 9-ы Жылыой ауданынан тіркелді.

Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

11.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT