Теңіз вахта қалашығында коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болғандар карантин тәртібін бұзды

(0 Votes)

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнындағы вахта қалашығында коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болғандар карантин тәртібін қатаң бұзып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бас санитар дәрігерінің айтуынша, ТШО мердігер компанияларының бірінде жұмыс істейтін қызметкер вирус жұқтырған. 50 жастағы әйел бүгінде инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Онымен жақын қарым-қатынаста болған 9 адам коронавирусты анықтау үшін тест тапсырды. Олардың ешқайсында індет жоқ болып шықты. Әйелдер өздерінен вирус табылмаған сәттегі қуанышын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген.

Сондай-ақ олар изолятордан кетіп қалған. Медперсоналдың айтқанына бағынбай, карантин аясындағы талаптарды сақтамай отыр. Мұны сол әйелдер жұмыс істейтін компания басшылығы растады. Аталмыш мекеме оларға қатысты шара қолдануға уәде берді.

Сонымен қатар, 27 наурыз күні ұшып келген Ыстанбұл-Атырау рейсінің 57 жолаушысы «Береке» ықшамауданына ауыстырылды. Олардың әрқайсысы бір пәтерге жайғасып, оқшауланды.

Еске сала кетейік, соңғы екі күнде қайта тестілеу кезінде карантинге жатқызылған бірнеше адамнан коронавирус табылған еді. Сондықтан олармен байланыста болғандарды «Берекеге» ауыстыру туралы шешім қабылданған. 26 наурызда ұшып келген Амстердам-Атырау рейсінің 15 жолаушысы да осында көшірілді.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT