Еліміз бойынша "Көктем-2019" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын дайындау мен оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру мақсатында облыс басшысының нұсқаулығына сәйкес аудан әкімі, азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен өткен аптада екі күндік құрылымдық саптың дайындығы тексерілді.
Мақат желілік-өндірістік басқармасының автокөлік тұрақ алаңында аудан көлемінде кешенді оқу-жаттығуды ұйымдасқан түрде өткізу үшін жетекшілікке аудан әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов тағайындалып, штаб бастығы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Тілеуғалиев «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіндегі басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін пысықтады.
Толығырақ газетіміздің №10 санында