Боксшылар ерлерді

(0 Votes)

Өткен аптада Құрманғазы ауданы Байда ауылында Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай бокстан 2006-2007 және 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнир өтті.

Турнирге Атырау облысының аудандарынан және Маңғыстау облысынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Ауданнан жарысқа 9 бала қатысып, нәтижесінде 2008-2009 жылы туылған 28 кг.салмақ дәрежесі бойынша Нұрмұхаммед Алдаберген 3-орын, 46 кг. салмақ дәрежесі бойынша Исламбек Еркінғали 3-орын иеленді. Ал, 2006-2007 жылы туылған 48 кг.салмақ дәрежесі бойынша Ерболат Алдоңғар 1-орын иеленіп, аудан намысын қорғап қайтты. Ол жарыста "Ең жас боксшы" номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздарды дайындаған жаттықтырушылар Нұрсейіт Аюпов пен Парасат Құлмұханов, Амангелді Қобдабаевтың еңбектері зор.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT