Чемпиондарды құрметпен қарсы алды

(0 Votes)

2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында 1999-2000 жылы туған жастар арасында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында өз салмақ дәрежелерінде татами төрінде белдесіп, жеңіс тұғырынан табылған қос бірдей чемпиондар Ұлықбек Әбілхайыр мен Серікболсын Шынтасты ауылдастары құрметпен қарсы алды.

Қарсы алу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев пен мәдениет, тілдерді дамыту және спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Исполов чемпиондардың алдағы уақытта өтетін жарыстарда ел намысын қорғайтынына сенім білдірді.

Содан кейін чемпиондар аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың қабылдауында болды.

Аудан әкімі спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтап, сәттілік тілеп, ескерткіш сыйлық ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT