Қоржында күміс жүлде

(0 Votes)

Наурыз айының 24-25 аралығында Қызылорда қаласында дзюдо күресінен “Абай Даулет” жүлдесіне арналған 2006-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам спортшы бақтарын сынады. Дүбірлі дзюдо додасын Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысты.

Қатысып қана қоймай қоржынымызға күміс еншіледі. Ақтық сынға дейін алдына жан салмаған Зауза Нұрбек  73 кг салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орынға ие болды. Палуанымызды жаңа  жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарына тек сәттілік тілейміз.


А.САДЫКОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521