Мұрат ел чемпионатының күміс жүлдегері

(0 Votes)

Облыстық жарыста асығы алшысынан түскен жерлестерімізді кеше ғана сүйіншілеген едік. Олар Түркістан қаласында  "Асық атудан" өткен  Қазақстан Республикасы Чемпионатына  жолдама алған еді.

Мұнайлы өңірдің намысын қорғаған жерлестеріміз бұл жолы да жерге қаратпады. Аталмыш додада Атырау облысы құрама командасының мүшесі, жерлесіміз Қайров Мұрат жекелей сында жүлделі  орынды иеленіп, Чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. 

kairov-m

Сондй-ақ "Асық ату" федерациясы вице-президентінің қолынан  "Алтын сақа" төс белгісімен мараптталды. 20 адамның ішінен екінші орынға табан тіреген Мұрат Қайров бүгінде М.Баймұқанов орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен ұстаздық етеді. Шұрайлы жерге барып мұнайлы жердің мерейін үстем еткен Мұратқа толағай табыстар тілейміз.


А.САДЫКОВ

         

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521