29 наурыз - 3 сәуір аралығында Алматы қаласында муайтайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Жарыс 1998-2004 жылдары туған спортшылар арасында 12 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды.
Дүбірлі додаға доссорлық муайтайшы Жомарт Тынышқалиев қатысып, 54 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Алғашқы күні Жомарт оралдық спортшы Наурызбек Есеновпен шаршы алаңға шығып, айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда алматылық Досымжан Абсеметпен жұдырықтасып, финалға жолдама алды. Ал ақтық сында жерлесіміз петропавлдық Шамиль Ермағамбетовқа есе жіберді.
Атырау облысының құрама командасы осы жарыстан күмістен бөлек, бір алтын және екі қола медаль еншілеп қайтты.
М.ІЗТҰРҒАНОВА