Жақында еркін күрес спорт түрінен Атырау облысының ашық чемпионаты өткен болатын. 2004-2005 жасөспірімдер арасында өткен дүбірлі додада облыстың әр аймағынан келген палуандар белдесті.
Аталмыш жарыста аудан намысын қорғаған спортшылардың қоржыны жүлдемен толды. Атап айтсақ, Қарасаев Дархан 41 келі, Сайранов Ерасыл 68 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанып, Қарағанды қаласында өтетін республика чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, Аққойшиев Ақжол 41 келі, Бисенбаев Ақылбек 48 келі, Панарбеков Ерасыл 52 келі салмақ дәрежесінде ІІ орыннан көрінсе, Амангелдин Әділет 32 келі, Асхат Нұрлыбек 38 келі, Жұмабай Амандық 44 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынға ие болды.
Боз кілемде белдескен шәкірттерінің жетістіктеріне бапкерлері Ә.Жүгінісов, Н.Аққойшиев, Е.Ізғалиев, А.Абаев дән риза. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль, естелік сыйлықтармен марапатталды.
М.СЕРІКҚЫЗЫ.