Ұлттық ойынға ықылас ерекше

(0 Votes)

Мақаттағы М.Баймұханов атындағы орта мектебінде «Мен offline» акциясы негізінде тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Оған 5-8-сыныптар арасындағы ұлттық ойынға қызығушылық танытып жүрген жасөспірімдер қатысып, бақ сынады.

-Тоғызқұмалаққа балалардың қызығушылығы жоғары. Бос уақытында ойлау әрі математикалық есепке бейімдеуге ыңғайлы ойын түріне қашан да қатысушылар табылады. Бұл жолы да балалар белсенді қатысты,- дейді дене тәрбиесі пәні мұғалімі Торғын Булатова.

Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай өткізілген жарысты 5-сыныптықтар арасынан 1-орынға Нұрхан Бақыткерей, 6-сыныптықтардан Асхат Оңғар, 8-сыныптықтардың ішінен 1-орынға Ринат Таубаев ие болды.

Жеңімпаздар бірлестік атынан марапатталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT