Әмірдің зілтеміршілері жарады

(0 Votes)

Атырау қаласында 2005 жылы туған және одан төменгі жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ашық біріншілік өтті.

Додаға Орал, Атырау облыстары және Мақат ауданынан атлеттер қатысып, Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жасалды. Ауданымыздан 8 атлетші қатысып, аудан намысын қорғап қайтты. Жарыс нәтижесінде, 29 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Қосмұрза мен 37 кг салмақ бойынша Самғат Болатұлы 1-орынды иеленіп, облыс чемпионы атанды. Ал, 29 кг. салмақ дәрежесі бойынша Асылбек Жолдасқали мен 41 кг.салмақта Назархан Толыбай, 61 кг. салмақ дәрежесіндегі Данияр Ескендіров 2 -орынды иеленді. Ал, жарыстың 3-орынын 49 кг. салмақ дәрежесіндегі Ерасыл Мұрат пен +73 кг. салмақта Расул Сұлтангерейұлы қанжығалап қайтты. Аудандық зілтеміршілерді Әмір Қосмұрзиев жаттықтырып келеді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT