Жеңіске құштар Жомарт

(0 Votes)

Таяуда Шымкент қаласында муайтайдан Қазақстан кубогі үшін жарыс өткен болатын.

14-15 және 16-17 жас арасындағы жасөспірімдер арасындағы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200 спортшы қатысты.

Атырау облысының құрама командасы сапында 12 спортшы бақ сынаса, оның 2-еуі Доссор балалар жасөсіпірімдер спорт мектебінің муайтайшылары болатын. Сайыс барысында түрлі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды.

Аудан намысын қорғаған О.Сарғұнанов орта мектебінің оқушысы Жомарт Тынышқалиев бапкері Ислам Галиевтың үмітін ақтап, күмістен алқа тақты. Сондай-ақ, Жомарт жарыс барысында «Жеңіске құштарлығы үшін» номинациясымен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT