Л.Шахатов атындағы орта мектебінің және Мақат балалар өнер мектебінің түлегі Айзада Хабибуллаева "Мисс Астана - 2019" байқауының жүлдегері атанды.
2015 жылы 9 сыныпты бітіргеннен кейін Айзада Атырау қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы өнер академиясына "қобыз" мамандығына оқуға түседі. Қорқыт бабамыздан қалған ұлы аспапты жерлесіміз биыл ойдағыдай аяқтап шықты.
![]()
18 желтоқсан күні елорда төрінде өткен "Мисс Астана - 2019" байқауында Айзада өзінің талантымен 18 арудың ішінен оқ бойы оза шауып, байқаудың жеңімпазы атанды.
![]()
Бүгінгі күні Айзада Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" ұлттық өнер академиясының 1 курс студенті.
"МТ"



