Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында кейінгі ұрпақты салауатты өмірге баулуды мақсат тұтқан Мақат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 5-6 сыныптар арасында түрлі жарыстар өткізді.
5-сыныптықтар арасында пионербол ойыны өтті. Волейбол ойынымен ұқсас ойынның балалардың жедел әрі шапшаң қимылдауға септігі мол. Десек те, жарыс болған соң жеңгені мен жеңілгені табылмай қалмады. Нәтижесінде 5 "а" сыныбы үштікті бастаса, екінші орынды 5 "ә", үшінші орынды 5 "в" иеленді.
6-сыныптықтар арасында «Көңілді старт» ойыны қызықты өтті. Бұл жолы 6 "в" сыныбының «асығы алшысынан түсті», екінші, үшінші орындарды 6 "а" мен 6 "б" сыныптары өзара бөлісті.
Қызықты жарысқа белсене қатысқан оқушылар марапатсыз қалмады.
«МТ»