Аяқдопшылар үздік үштікте

Аяқдопшылар үздік үштікте
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын.

Осы ретте мұнайлы өлкемізде футбол спортын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде жас футболшылар облыстық, республикалық турнирлерге қатысып, аудан намысын қорғап жүр.

Жақында Құлсары қаласында өткен футзалдан республикалық “Bekbatyr kids cup 2025” сайысында ауданымыздың 2013-2014 жылғы жасөспірімдері қола жүлдені еншіледі.     

                       

Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған аяқдопшылар арасында футболшыларымыз аудан абыройын асқақтатып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Атап айтқанда, жартылай финалда атыраулық «Имидж» командасынан 4:3 есебімен жеңіліс тапса, үшінші орынға талас кезінде жаңаөзендік «Мұнайшы» командасын 4:1 есебімен жеңді.

Сонымен қатар аяқдопшылар арнайы номинациямен марапатталып, ӘбілҺайыр Ахмет «Үздік қақпашы» атағын иемденді.

Ал Самат Самғат I кезең үздігі, Арлан Аманкелдіұлы III кезең үздігі атанып, мұнайлы мекеннің мерейін үстем етті.

 

Б.Серік

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT