“МАҚАТ OPEN-2025” ОБЛЫСТЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

(0 Votes)

 Мақат ауданы әкімдігі мен Атырау облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткен «Мақат Open-2025» облыстық шахмат турнирі өз мәресіне жетті.

 Турнирге Маңғыстау, Ақтөбе облыстары және Атырау қаласы мен аудандарынан келген барлығы 200-ге жуық шахматшы қатысты.

Сабыр мен ақылдың, ой мен логиканың сайысында 6-8 жас, 9-14 жас, 15-25 және 70 жастан жоғары ардагерлер, сондай-ақ абсолют жас ерекшеліктері бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталды.

Дүбірлі доданың жабылу салтанатына жеңімпаздар арнайы диплом, кубок, медальдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT