Өткен аптада Доссордағы №3 кітапханада Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені иегері Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Біз есте сақтаймыз және мақтанамыз» атты тарихи кеш өтті.
Оқырмандарға Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет бере отырып, ерлігін ұрпаққа үлгі, өнеге етуді мақсат еткен шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің 8 «в» және 10 «в» сынып оқушылары, мұғалімдері қатысты.
Кеште Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі, батыр қыз туралы жазылған өлең жырларын ұйып тыңдаған оқырмандар қол соғып, Әлияның майданда ерлік көрсетіп, қаза тапқан сәттері оқушылар тарапынан сахналанды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Т.Аманғалиев соғыстан соң туған түлек қатарында естеліктерімен бөлісіп, бейбіт күнге тілеулестігін білдірді.
Тарихи кеш соңы №4 балалар кітапханасының «Шығыстың шынары» атты кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
Г.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.