Доссор кентінде алғаш рет Жастар жылына орай «Көңілді тапқырлар клубы» лигасы ашылды.
Доссор мәдениет үйінде өткен маусымашарға кенттің орта білім беретін мектептерінің және өзге аудан жастарының КТК командалары қатысты. Маусымашар мен 1/8 финал ойындары бірге ұйымдастырылған кешті «Сағыз» құрамасының ойыншысы Жасұлан Сапаров жүргізді.
9 команда қатысып, «Сәлемдесу» бөлімінде қағытпа қалжыңмен астарлы әзіл арқылы көрерменге ой салды.
Жас жайдарманшылардың әсерлі ойыны көрерменге қызықты сәт сыйлады.
Ойын қорытындысы бойынша Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің «Оригинал» құрамасы, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының «Сыныптастар» құрамасы, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің «Абай» құрамасы, С.Шарипов атындағы мектеп интернатының «Мұнайшылар» құрамасы, Құлсары қаласының «Нағыз қазақтар» құрамасы, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының «Қазақи жастар» құрамасы, Атырау қаласының «Қазына» құрамасы, Доссор кентінің«Доссор» құрамасы әділ қызылардың көңілінен шығып, 1/4 финалдық бәсекесіне жолдама алды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА.