Кәусар – күміс жүлдегер!

Кәусар – күміс жүлдегер!
(0 Votes)

Жақында Павлодар қаласында 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 17 облысынан келген барлығы 656 жасөспірім дзюдошы қатысты.

Олардың қатарында жерлесіміз Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Кәусар Нұрпейіс үздік нәтижеге қол жеткізіп, аудан абыройы асқақтатты.

Кіл мықтылар жиналған байрақты бәсекеде Кәусар 36 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, нәтижесінде күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, аудан абыройын асқақтатқан спортшының жетістігінде бапкері Абзал Қапсәлімовтің еңбегі орассан.

Бапкердің айтуынша, жас дзюдошының алар асу әлі алда, болашақтарынан үлкен үміт күттіреді.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT