Заманбек - үздік үштікте!

Заманбек - үздік үштікте!
(0 Votes)

Дзюдодан Қызылорда қаласында өткен «Kyzylorda Junior Cup» 2006-2007 жылғы жастар арасындағы республикалық турнирде жерлесіміз Заманбек Бақтығали ІІІ орынды еншіледі.

66 келі салмақта бақ сынасқан Заманбек жарыс жолында қарсыластары Қызылорда, Алматы, Жамбыл облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, тізе бүктірді.

Жеңіс қатарын толықтырып келіп, ол жартылай финалда атыраулық палуаннан есе жіберсе, ІІІ орынға таласу барысында жергілікті қызылордалық палуанды басып озып, жеңіс туын желбіретті.

Айта кетейік, бұл Заманбектің жастар арасындағы алғашқы сайысы. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы додаларда жеңіс төрінен көрінген болатын.

С.Бекарыс

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT