«Мақат» құрамасы – Қазақстан біріншілігінде

«Мақат» құрамасы – Қазақстан біріншілігінде
(0 Votes)

«Мақат» құрама командасы қазанның 13-17 аралығында Қызылорда қаласында өткен кәсіби клубтар арасында кіші аяқ добынан Қазақстан Республикасының біріншілігінде бақ сынады.

Біріншіліктің алғашқы ойынында спортшыларымыз жергілікті «Қызылорда» командасынан 2:1 есебімен есе жіберді. Алайда, келесі ойында тараздық «Тараз-Омега» командасын 6:3 есебімен жеңіп, алғашқы ұпайды қоржынға салды.

Сондай-ақ, кезекті ойында көкшетаулық «Елім-ай» командасына 5:3 есебімен жол берсе, алматылық «Kairat U-21» командасымен кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан Чемпионаты біріншілігі кестесінде «Мақат» командасы V орынға тұрақтады.

Спортшыларымыз келер желтоқсан айында Тараз қаласында өтетін біріншілік жалғасында ақтөбелік «Хромтау», оралдық «Байтерек-Ж», астаналық «Елорда» командаларымен тартысты ойын өрнегін көрсетеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, «Мақат» футбол құрамасы Батыс өңірінің аудандары арасында Қазақстан біріншілігіне жолдама алған алғашқы команда.

Ендеше, аудан абыройын асқақтатып жүрген жерлестермізге сәттілік тілейміз!

С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT