Бойымыз сергіп қалды

(0 Votes)

 « Шынықсаң, шымыр боласың»демекші, жаттығулар адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі - спорт.

Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды. Онымен қатар денсаулықты нығайтып, қан айналым жүйесін жақсартады.
Осыған байланысты сынып жетекшіміз Шынарай Жанжигитова спортқа деген қызығушылығымызды арттыру мақсатында және қарым-қатынасқа,татулыққа,ұйымшылдылыққа үйрету мақсатында бізге табиғат аясында шағын жарыс ұйымдастырды.

«Қайсар» және «Сұңқар» тобына бөлінген біздер жарыс қызығына тоймай, көңіліміз біраз сергіп қалды.

Нәтижесінде, екі команда тең түсіп, достығымыз жеңді.

Ақерке Оңғарбайқызы,

Абай Құнанбаев атындағы

мектептің 7 "ә"сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT