Екінші орынды еншіледі

(0 Votes)

Қызылқоға ауданындғы «Миялы» спорт кешенінде   мемлекеттік қызметкер Бибоз Байдаулетұлының 60 жасқа толуына  орай кіші аяқ добынан аймақтық турнир өтті. Оған Сағыз, Мұқыр, Миялы, Ойыл және Мақат құрамасынан 12 команда қатысты.

Мақат ауданынан аудан намысын қорғаған команда құрамында А.Сайынов, Қ.Жандарбеков, Н.Қайратұлы, Қ.Оспанов, Ж.Қалдығарин, С.Каримов, Н.Аққойшиев, А.Бекенов болды.

Нәтижесінде,  сәл сәттілік жетіспеген  Мақат ауданы құрама командасы 2-орынды иеленді. Ал, жарыстың бас жүлдесі жергілікті команданың қоржынында қалды.

Бір айта кетерлігі, көршілес аудандағы бұған дейінгі өткен аймақтық жарыстарда  аудан командасы бас бәйгені бермеген болатын.

А.ТАУМҰРЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521