Бекзат – үздік қызметкер

(0 Votes)

Атырау қаласында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің "Рухани қазына-2022" облыстық фестивалі өткен болатын. Ауыл, аудан және қаладағы мәдениет ошақтарының қызметін жандандыруға бағытталған аталмыш байқаудың танымалдылығы жыл санап артып келеді.

Байқау мәдениет саласы қызметкерлерінің шығармашылығын және кәсіби құлшынысын ынталандыру, шығармашылық ұжымның және оның жетекшілері мен мамандарының кәсіби деңгейін көтеру, мәдениет ұйымының беделін арттырып және үздік кәсіби мамандарды анықтауды мақсат етеді.

Фестивалге облысқа қарасты жеті аудан мен Атырау қаласындағы мәдениет ошақтарының қызметкерлері қатысып, жеңімпаздар 20 түрлі номинация бойынша марапатталды. Фестиваль ережесіне сай өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, қорғаған аудандық мәдениет үйінің барлық атаудағы суретшісі Бекзат Арыстанов «Үздік аудандық мәдениет үйі қызметкері» номинациясын жеңіп алды. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама Бекзат Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Таушовтың арнайы дипломы және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Өзінің жарқын туындыларымен көзге түсіп жүрген, Бекзатқа республикалық кезең де тек сәттілік тілейміз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT