Аудандық мәдениет үйінде «Ақ ерке-ақ Жайық» фестивалінің бас жүлде иегері аудандық «Халықтық» ұлт-аспаптар оркестрінің «Күй өнерінің жұлдыздары» атты есептік концерті өтті.
Халқымыздың рухани қазынасын, өнерін дамытып, музыканың сырлы сазына бөлеген оркестрдің репертуарында Түркештің «Көңілашар» Ж.Темірғалиевтің «Сынтас», Сүгірдің «Аққу», М.Құсайыновтың «Наурыз» сынды қазақ халқының ұлттық музыкаларымен қоса шетел сазгерлерінің классикалық шығармалары көрермен көңілін көтерді.
Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Сая Жұмашева жетекшілік ететін оркестр сүйемелдеуімен І.Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін облыстық байқаулардың лауреаты Жанат Өтепова тамылжыта шырқады. Концерттік кеш көптің көңілінен орын алды.
«Халықтық» ұлт-аспаптар оркестріне аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.
(Толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.)