Халықтың ақ батасын алды

(0 Votes)

Жуырда көңіл түкпіріндегі ой-сезімді әнмен тербеп, әуелете күй тартып, мың бұрала би билеп, қағытпа әзілмен күлкі үйірген кешті көрермендеріне Доссор мәдениет үйі көркемөнерпаздары ұсынды.

Өнерлі ұжымда кент абыройын асқақтатып жүрген өнерпаздар көп. Атап айтсақ: «Мөлдір мұнай» халықтық фольклорлық ансамблі, «Еркем-ай» би ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, «Балауса» би тобы, «Тамаша» ойын-сауық отауы, жанұялық ансамбльдері.

Шара шымылдығы «Мөлдір мұнай» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қосбасар» және «Мереке» күйлерімен түрілді. Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында вокал жанры бойынша бас жүлдені жеңіп алған жас әнші Р.Бисенов «Жұлдыз демесін» әнін шырқаса, драма үйірмесінің әртістері «Телефон» көрінісін шебер ойнап, көрермен жүзіне күлкі үйірілді.

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 7 ақпандағы №6 (912) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT