11 муайтайшы жолдама алды

(0 Votes)

Ақпан айының басында Махамбет ауданында муайтайдан балалар мен жасөспірімдер арасында Атырау облысының ашық чемпионаты өтті.

Аталмыш додаға облыстан 6-13 жас аралығындағы 100-ге жуық жас спортшы қатысты.

Доссор кентінен қатысқан 20 муайтайшының 18-і жүлдемен оралды. Атап айтсақ, Бисенбай Арсен, Рысқали Нұрасыл, Түгелбай Ернар, Кисоллин Дархан, Полфунтиков Кириль, Жолдығали Парасат, Амандос Рамазан алтыннан алқа тақса, Болатқали Әли, Түгелбай Ерназар, Түгелбай Асылхан, Өткенбай Нұрхан күміс жүлдеге ие болды. Абзалұлы Әділет, Мергенбай Рамазан, Куртхужин Әмірхан, Құрманғали Әли, Маратұлы Арсен, Елубаев Арсен қола жүлдені місе тұтты. Сондай-ақ, Бисенбай Арсен «Ең үздік техника» номинациясымен марапатталды.

Аталмыш сайыста 1-2 орын алып, жеңіс тұғырынан көрінгендер Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Ал, республикалық додадан үздік танылғандар Түркия елінде өтетін әлем чемпионатында бақтарын сынайтын болады.

І.МӨЛДІР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT