«Суреттер сыр шертеді»

(1 Vote)

М.Баймұханов атындағы орта мектебінде оқушылар арасында түрлі сайыстар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Үшінші тоқсан аталмыш мектеп оқушылары үшін «Суреттер сыр шертеді» атты еркін тақырыпта сурет байқауынан бастау алды. Сайыс оқушылардың көркемдік білімін жетілдіру арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, өнерге қызығушылығын арттыруды мақсат етті. Байқауға бағын сынамаққа ниет білдіргендер көп болды. Яғни мектептің 1 сыныптан бастап 10 сынып оқушылары түгелдей дерлік белсенділік пен қатысты.

Сайыстан 150-ден астам суреттер жиналып, мектеп дәлізіне көрмеге қойылды. Барлығы да балалардың ой, қиялынан туған тамаша туындылар. Әртүрлі жанрларды қамтыған графика, натюрморт, пейзаж, жануарлар әлемі т.б суреттер расында тамсануға тұрарлықтай.

82992391_192167021903266_4288381186989883392_o

Жас қылқалам шеберлері өз туындыларын тамаша өрнектеп жеткізген. Мектеп ұжымы және ата-аналар оқушылардың сурет көрмесін тамсана тамашалады.  Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жас суретшілер арнайы дипломдармен марапатталды. Алдағы уақытта мектеп қабырғасына осы туындылардан галерея ұйымдастырылатын болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521