Мұғалім білімді болса, мәртебесі қашан да биік

(0 Votes)

Мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейтуге, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған заң жобасы Үкіметте қаралып, мақұлданды.

Оның ішінде негізгі материалдық ынталандыру қатарында  сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін ақыны екі есе өсіру; педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу; барлық педагогтер үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін көбейту; магистр дәрежесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу; 4 жылдың ішінде жалақыны 2 есе өсіру бойынша мәселе қарастырылған.

Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзі қай кезеңде де өзінің мәнін жойған емес.

Білім саласы - үнемі жетілуді, жетілдіруді күтетін сала. Сондықтан мұғалім үшін жасалатын игілікті істің бәрі болашағымыз үшін жасалуда деп ұғынуымыз қажет.

Бұрындары ауылдағы интеллегенция өкілі саналатын мұғалімдердің беделі қазірде төмендеп кетті. Оны көтеретін уақыт жетті. Сол сияқты, қазір кім қалаған оқуына түсе алмаса, аз ғана балл жинап, білім саласына келуді әдетке айналдырды. Шындығында, жанымен мамандықты сүйетін азаматтар ғана мектепте жүргені дұрыс деп санаймын. Білім ошағы – мектептің тәрбие ортасы екендігін ескерсек, білімді педагог шәкірт алдында ерекше тұлға екендігін, ісімен де, білімімен де дәлелдеу қажет.

Ә.МЕНДАЛИЕВА,

аудандық мәслихат депутаты,

білім саласының ардагері

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT