ҰБТ-ның алғашқы кезеңі өтті

(0 Votes)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 16-17 қаңтар күндері биылғы оқу жылының түлектеріне арналған алғашқы ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеуі өтті.

Жалпы биыл ауданда 230 оқушы мектеп бітірсе, соның 215-і ақылы тест тапсыруға өтініш білдірген. Дегенмен себептерге байланысты 209 оқушы (90,8%) тестілеуге қатысып, бақтарын сынады.          

Екі күнге созылған тестілеудің қорытындысы бойынша оқушылардың жинаған жалпы ұпайының  орта балы - 48,1-ге тең. Оның ішінде 169 оқушы қазақ тілінде, 40 бала орыс тілінде тапсырды. Негізінен Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

"Тестілеуді жылына төрт рет өткізу арқылы балаларға эмоционалдық көңіл-күйлері дұрыс болып, психологиялық жүктемені азайтуға, қандай пәндерге дұрыс дайындалуы керек екенін білуге көмектеседі",- дейді мамандар.

Айта  кетейік, тестілеу жылына төрт мәрте өтеді. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында негізгі сынаққа дейін үміткерлер өз шама шарқын біле алады. Ескеретін жайт мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым айындағы тестке қатысып, тиісті балл жинауы қажет. Ал,  өзге үш сынақ ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді. Түлектер тестілеу талаптарына сай алғашқы сынақтан сүрінген жағдайда қайта тапсыруға құқылы.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521