Шахатов мектебінде алғашқы қоңырау сыңғырлады

(0 Votes)

Білім күні мерекесі ауданымыздағы Л.Шахатов атындағы орта мектебінде «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында арнайы салтанатпен аталып өтті.

Аталған жиынға ұстаздар қауымы, оқушылар, ата-аналардан бөлек аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Бейбітгүл Базарқұлова, полиция капитаны Кәмшат Серікбаева қатысты.

Өткен оқу жылын 834 оқушымен аяқтаған Л.Шахатов атындағы орта мектебінің білім сапасы 53,5 % құраған. Ал, биылғы оқу жылын 838 оқушымен бастағалы отыр. Сондай-ақ, 1 сыныпқа 98 бала қабылданған. Оның 50-і қазақ, 48-і орыс сыныбында білім алады.

Алғашқы қоңырау салтанатында алдымен әскери жетекші сап түзуге пәрмен беріп, аудандық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, 11 сынып оқушылары Алпар Мұратұлы, Карина Құмарғалиева мен Айдана Төлеген көк туымызды ортаға әкелді. Одан әрі, мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер сынып жетекшілерімен ортаға сап түзеді.

Алғаш болып сөз алған мектеп директоры Ғалымжан Бағытжанұлы баршаны білім күнімен құттықтап, облыс әкімі Серік Шәпкеновтың алғыс хатын бастауыш сынып мұғалімі Маржан Бекжановаға және облыстық әдістемелік орталығының «Үздік мектеп жанындағы лагерь-2022» байқауына белсене қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Ғарифоллақызына «Балалар демалысының бейінді ауысымдарының үздік бағдарламасы» номинациясын, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Еркін күрестен спорт шебері» куәлігін 9 сынып оқушысы Диас Қарасайға табыстады.

Салтанатты шара барысында оқушылар әсем ән айтып, 1 сынып оқушылары жүрекжарды тақпақтарын айтып берді. Ал, алғашқы қоңырау үнін биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушылар күмбірлете соқты.

Осылайша, алтын күздің алғашқы сынып сағатымен жалғасын тапқан шара оқу жылының шымылдығын түрді.

Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521