М.Баймұханов мектебінде биыл мыңға жуық оқушы білім алуда

(0 Votes)

Жазғы демалыстан соң ұстаз бен оқушыны мектеппен қауыштыратын білім күні мерекесі М.Баймұханов атындағы орта мектепте де салтанатпен өтті.

Әнұранмен ашылған салтанатты жиынға аудандық мәслихат депутаты Әділбек Есенгелдіұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мейрамгүл Әділова және мектеп директоры, ата-аналар мен шәкірттер қатысты.

Жиынның алғы сөзін алған аталмыш білім ұясының директоры Әсемгүл Таумұрынова білім күнімен барша жұртты құттықтады. Білім бәсекесіне төтеп бере алатын, ойлы, халқымыздың рухани адамшылдық қасиеттерін бойына сіңіре отырып, өз құндылықтарын жоғалтпайтындай саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ осы тұста мектеп ұжымының атқарып жатқан жұмыстарын айшықтап, барша мектеп мұғалімдеріне сәттілік тіледі. Мұнан соң, аудандық мәслихат депутаты сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

- Бұл мерекенің баршамызға орыны ерекше. Әсіресе, әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн педагогтар мен шәкірттер үшін маңызды. Елдің ертеңгі тұтқасын ұстар шәкірттердің жүректеріне білім нәрін сеуіп, парасатты азамат тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жана берсін, құрметті ұстаздар,- деді ол.

0034bf1c-931b-42bc-ad67-15a6241f0130

Айрықша мәні бар бұл күні мектеп қабырғасына жиылған жұрт мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады.

Салтанатты шара әрі қарай сынып сағатымен жалғасын тапты. Әр сыныпқа жиылған оқушылар ұстаздарымен танысып, білім сағатын тыңдады. 1 сынып оқушылары да алғаш рет партаға отырып, мектеп мұғалімдері дайындаған "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбындағы алғашқы сынып сағатын бейнеролик арқылы тамашалады.

Айта кетейік, аталмыш білім ордасында биыл 927 оқушы білім алғалы отыр. Оның ішінде, 380 оқушы бастауыш сынып, мектепалды даярлықта 108, шағын орталыққа 20 оқушы қабылданған.

 

А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521