Оқушылар қауіпсіздігі басты назарда

(1 Vote)

Аудандық полиция бөлімінде Жамбыл облысында болған келеңсіз оқиғаға байланысты оқушыларды зиянды әдеттер мен зорлық-зомбылықтан қорғауға алдын алу бойынша жиын өтті. Жиынға жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Дәурен Мағзомов, аудан прокуроры Мирас Бауыржанов, аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Абзал Карин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов және мектеп директорлары қатысты.

Алғашқы болып сөз алған полиция капитаны Гүлбану Қуанарқызы тақырып бойынша баяндама жасады.Қазіргі таңда тапсырмаға сәйкес аудан мектептерінің сыртқы дәретханалары түгелдей дерлік құлыпталған. Дегенмен тексеріс кезінде Л.Шахатов атындағы орта мектебі және №2 бастауыш мектебіндегі ішкі дәретханалары стандарттық талапқа сәйкес келмейтіні белгілі болған. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша  20 қызға бір унитаздан келсе, 30 ер балаға 1 унитаз болу қажет. Өкінішке орай, аталған мектептердегі ішкі дәретханалар бұл заңдылыққа сай келмейді.

img_2289

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов мектептердегі ішкі дәретханаларды қалыпқа келтіру үшін келесі жылға 165 млн. теңге және толықтай видеокамералармен қамтамасыз ету үшін 20 млн. теңге қаражатқа сұраныс жасап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, келер жылдан бастап дәретхана қағазы, сұйық сабын секілді қажетті гигиеналық құралдармен  қамтамасыз ету үшін сұраныс берілгенін айтты. Осы уақытқа дейін мұндай дәретханаға керектің гигиеналық құралдармен мектептер қамтамасыз етілмеген екен. Сонымен қатар, мектептерді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін  бойлер және ауыз су үшін фильтр қондыруға 192 млн. теңге қаражатқа сұраныс берілген.

img_2301

Сондай-ақ, жиналыс барысында "снюс" темекі өнімін мектеп оқушыларының пайдалануының алдын алу мәселесі  қозғалды.

img_2293

Тұз бен түрлі шөп қосылып дайындалатын ылғалды темекі өнімі  жасөспірімдер үшін өте қауіпті. Үстіңгі ерін мен қызыл иектің арасына снюсті қойып, жарты сағаттай сорып жүрген жанның ағзасына никотин тарайды. Мамандардың айтуынша, түтінін будақтатып тартпағанмен, оның денсаулыққа зияны темекіден кем түспейді екен. Әзірге аудан бойынша дүкендерде бұл өнім түрі сатылымда кездеспеген.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT