Саз әлеміне саяхат

(0 Votes)

«Болашақ»  бөбекжай-балабақшасының базасында   «Саз сабақтары арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру маңыздылығы» тақырыбында аудандық семинар өтті.  

Семинарға мектепке дейінгі ұйымның басшылары мен тәрбиешілері қатысып,  аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Таңшолпан Төлеубаева қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

i

Аталған шараның мақсаты балаларға музыкалық оқу қызметтері арқылы әсемдік сезімдері мен ұғымдарын, көркемдік, шығармашылық қабілеттерін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру.

Бағдарламаға сәйкес  балабақшаның саз жетекшісі Жеміс Меңдіғалиева ашық ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша «ертегілер елінде» ересек «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері қатысты.  Мұндағы мақсат  әуенді ертегілерді сахналау арқылы балалардың эмоциялық сферасын қалыптастырып, балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігін оятып, қызығушылығын арттырды.

i

Оқу қызметі барысында бүлдіршіндер жұптасып би билеп,  дағдыларын жетілдіріп, ұйымшылдық қатынастарын арттырды. Сиқырлы сәттер арқылы балалардың қиялын дамытты. Сондай-ақ,  бүлдіршіндер тұрмыстық қалдықтардан дайындалған саз аспаптардан құрылған оркестрде ойнап, керемет көңіл күйге бөледі.

Әрі қарай балабақша психологі Роза Сагудиева ата-аналармен бірге «Жүрек жылуы» атты тренингпен жалғасын тапты. «Аялы алақан», «Әуенді тренинг», іс-қимыл арқылы  балалардың үлкен нәтижеге жететінін, әуенді үн арқылы көңіл-күйлерін  көтеру мақсатында болса,  «Мүсінді тренингте»  ақ парақты бүктеп, жырту арқылы баланың мүсінін шығару. Жырту кезінде баланы еркелету кезінде айтылатын жылы сөздер айтылды.

i

Сонымен қатар «Саз өнерін үйретуді кезеңдерге бөліп орындаудың тиімділігі» тақырыбында  саз жетекшісі  Ж.Меңдіғалиева шебер сынып өткізді.

Шебер сыныпта  қатысушыларға  би жанры бойынша сұрақтар қойылып,  ең көп ұпай жинаған қатысушыға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлық табысталды.

«Шығармашылық сәт» атты балалар өнерінен көріністер қойылды.

i

Мұнда Жеміс Нысанқызы идеясын жүзеге асыруда.  Облыстық «Айгөлек» фестивалінде аспаптардың түрін көбейту керек деген тапсырма берілген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында былтыр "Стиктон" деген аспапты ойлап тапты. Яғни,  ағылшын тілінен аударғанда «стик»-таяқша, «тон»-үн деген мағынаны білдіреді. Ағаштан жасалған  темір түтікшелер ілінген. Балаларға түстерді айыру үшін әр түрлі түстен түтікше. Есте сақтау арқылы стиктон аспабында ойнайды. Темір аяқшамен ұру арқылы дыбысталатын аспап. Бұл аспаппен аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

i

Алдағы уақытта аталған аспапты көбейтіп, осы түрінен оркестр құрып, аудан, облыс көлеміне таныту жоспарда бар-дейді. Оқу қызметінде Жеміс Нысанқызының авторлық жұмыстары  балабақшаның гимнін тәрбиешілер орындаса, «Күз мезгілі тамаша» атты әнін балабақша бүлдіршіндері орындады.

img_8060

Семинарды балабақша меңгерушісі Н.Сарсембаева қорытындылап,ізгі тілегін білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521