Дарабозда дарындылар шыңдалмақ

(1 Vote)

Математика оқушыларға қиындық туғызатын бірден-бір пән екені белгілі. Алайда өмір ағыны, ғылым мен техника саласының бойлап енуі математиканы білуді бұрынғыдан да қажет етіп отыр.

Осы тұста математика пәніне бетбұратын жастар қатарын көбейту үшін А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Дарабоз» зияткерлік клубы ашылды. Аталмыш клуб оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтап, білімін тереңдету арқылы қолдау көрсетуді мақсат етеді.

                                                   img_2476                                                

Клуб бекітілген 40 минуттық уақытпен шектелмей математика және информатика пәндерін тереңдетіп оқыту үшін жұмыстанады.

img_2502

Бұл, оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Мұнда 4 және 7 сынып оқушылары арасынан 25 бала іріктеліп алынған.

img_2522

Математика пәнінің мұғалімі Сидеғалиева Жадыра және информатика пәнінің мұғалімі Рахметоллаева Салтанат оқушылардың бос уақытын пайдаланып, сабақтан тыс қосымша дәрістер жүргізетін болады.                                                                                                                                                        

Толығырақ газетіміздің №3 санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521