Өркениетті қоғамға қадам басқан еліміздің болашағын білімді ұрпақпен байланыстырамыз. Сол себепті де, саннан гөрі сапаның жоғары болғаны керек.
2019 – 2020 оқу жылында мектептерде 5986 оқушы білім алуда. Мектептегі педагогтар саны-649, кәсіби біліктілік деңгейі бойынша сараласақ, жоғары және бірінші санатты педагогтар барлық педагогтардың 47,3 пайызын құрайды. (былтыр ол 47,5 пайыз)
Білім беру саласына 21 маман оның ішінде 11 маман қазақ сыныбына, 10 маман орыс сыныбына қажет етеді.(алғашқы әскери дайындық-2, физика -1,орыс тілі мен әдебиет– 8, музыка-1, биология -1, бастауыш орыс сыныбына-2, дене тәрбиесі-2, логопед-2, дефектолог-2 )
Білім саласына спорттық тауарлар алуға 16 млн. 148 мың теңге, жаңа заман талабына сай биология кабинетін алуға (М.Баймұханов, Х.Санбаев және С.Шарипов атындағы орта мектептер) 20 млн. 214 мың теңге, ІТ кабинетін сатып алуға (М.Баймұханов, Х.Санбаев және А.Құнанбаев атындағы орта мектептер) 29 млн. 276 мың теңге және Стем кабинет сатып алуға Х.Санбаев атындағы орта мектебіне 12 млн 718 мың теңге бөлініп, орнатылды.
С.Шарипов атындағы орта мектебі мен Л.Шахатов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"МТ"
Сурет: ашық дереккөзден