Биыл Атырау мен Маңғыстау түлектеріне 3000 білім гранты бөлінеді

фото: inform.kz
(0 Votes)

Биыл Атырау мен Маңғыстау облыстарының мектеп бітіруші жастары үшін 3000 білім гранты бөлінеді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Facebook парақшасында жазды.

«Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы алғаш рет тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін «Атырау-Маңғыстау» мақсатты гранты белгіленді. Осы грант бойынша биыл ақпараттық түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді. 2023 жылы Атырау және Маңғыстау түлектеріне 3000 білім беру гранты ұсынылып отыр», - деп жазды Руслан Емелбаев.

Грант конкурсына екі облыстың ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған түлектері қатысады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT