Ақпараттық қоғамның жаңа талаптары

(0 Votes)

Мемлекет басшысының Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Қазақстан халқына Жолдауындағы «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші тарауында білімдендіру ортасына: мобильділік, креативтілік, коммуникативтілік, нақтылық, динамизм тәрізді ақпараттық қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге көңіл бөлінді.

Сондықтан, Елбасы: «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге назар аударылуда» екенін атап көрсетті. Қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан заманда, жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін меңгерту мақсатында мектептегі барлық білім беру ұйымдарындағы педагогтар курстан өткізілді. Оқушыларды оқыту мен оқуда озық тәсілдер арқылы игертуде, өзіндік ой-пікір білдіруде сыни тұрғыда ойландырып, топта жұмыс жасай білуге дағдыландырады.

Ал, педагогтар қауымын біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыстарына баса назар аударылуда.

Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделді. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне көшті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенген бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалауды үздіксіз жүргізе отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Мемлекетімізде балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету қолға алынды.

Біздің ауданымызда да мектеп психологтарының жұмысын күшейтумен қатар, басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыру барысында барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылаулар қойылып, үнемі күнделікті жұмыстары жіті қадағалануда.

А.АБДОЛОВ,

аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521