Әскери мамандыққа қызығушылық бар

(0 Votes)

Доссордағы А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде аудандық қорғаныс істер бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі әскери білім беретін республикалық мектеп және жоғары оқу орындарын таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы майор Ертуған Әміров, әскери ардагер Нұрлан Абайұлы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерболат Құлтаев және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Ақтөбе қаласындағы Т.Бегелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар назарына ұсынылды. Оқушылар аталмыш оқу орындардың тыныс-тіршілігін аса қызығушылықпен тыңдап, бар ақпаратқа қанық болды.

«Жас ұлан» республикалық мектебі 9 сынып бітірген оқушыларды қабылдаса, аталған үш әскери институт 11 сынып түлектерін маман ретінде қалыптастырады. Ол үшін үміткерлер алдымен аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім бастығына арыз беру, медициналық куәландырудан өту, ҰБТ-ден кем дегенде 50 балл жинау, кәсіби-психологиялық тестілеуден өту, физикалық даярлық жөнінен нормативтер тапсыру қажет. Осындай мәліметтермен бөліскен соң мамандар, оқушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қарап, олардың әскери мамандыққа деген қызығушылықтары артқаны байқалды.

Ауданда қаңтар айының 15-нен бастап аудандық қорғаныс істері бөлімінде 2002 жылы туылған ер азаматтарды әскери есепке тіркеу жүргізілуде. Шара соңында ұйымдастырушылар денсаулығында ешқандай ақауы жоқ, әскери қызметке жарамды оқушыларға «шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік» табыс етті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521