Есеп беру барысында аудан әкімі Ш.Кейкин ауданның өндіріс саласы мен бюджет жағдайына да тоқталып өтті.
Өткен жылы аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 55 млрд. 412 млн.теңгені құраған. Сонымен қатар аудан бойынша 500 мың 900 тонна мұнай, 26,8 млн.текше метр ілеспе газ өндірілді.
"Ауданның жергілікті бюджетке салықтан тыс және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің кірістер бөлігі 1 млрд 889,1млн.теңге көлемінде жоспарланып,нақты 2 млрд 476,2 млн.тенге түсіп, 131 пайызды құрады.Былтырғы жылмен салыстырғанда 122,7 пайызға орындалды"-деді аудан басшысы.
"МТ"