Аудан әкімі Ш.Кейкин өткен жылы 7527 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгендігін атап өтті. Оның 1757 ш.м жеке тұрғын үй есебінен, Ал 5770 шаршы метрді Доссор кентіндегі 3 қатарлы 60 пәтерлік үй құрап отыр.
2020 жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша Мақат ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 6 азамат (көп балалы отбасы-4, толық емес отбасы-1, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы-1) Атырау қаласынан ипотекалық тұрғын үй иеленді.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері және аудандық орталық ауруханасының 6 дәрігері қызметтік тұрғын үймен қамтылды.Қазіргі таңда, Мақат ауданы бойынша 641 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
"МТ"