Тұрғындар тікелей эфир арқылы сұрағын жолдауда

(0 Votes)

Тікелей эфирде жүріп жатқан Мақат ауданы әкімінің есебінде әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар өз сауалдарын жолдады. Мәселен, мақаттық  тұрғын "үшінші ауылға мектеп салына ма?",- деген сауалын жолдады.

Аудан әкімі кенттегі мектептер шәкірттерді түгелімен қамтып отырғандығын, жаңа мектепті салуға негіз жоқтығын айтты.

Тұрғындарды толғандырған  тағы бір сауал Доссор кентіндегі   кент ішіндегі  сорды көму мәселесі. "Бұған «NCOC» пен "Ембімұнайгаз" секілді іргелі мекеме өкілдері  көмектесуге дайын екенін жеткізді. «Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар транспортпен көмектессе,  әкімдік тарапынан топырақ және карьермен көмектеседі. Екі сор да көп кешікпей көміледі",- деді аудан әкімі.

 Сауалдарға жауап беру барысында Ш.Кейкин жақында ғана желдің қуатымен шатырсыз қалған тоқсан үйліктің төбесін қалпына келтіру үшін демеушілер тартып жатқанын жеткізді.

 Бәйгетөбеліктер болса, ауыл ішіндегі қараусыз иттерге алаң. Бұл мәселеге де соңғы екі күннің ішінде нүкте қойылуы үшін барлық әрекеттер жасалынуда.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT